Хабар телеарнасы

Алматыда алғаш рет жастар театрларының фестивалі басталды

Байқау барысында 35 жасқа дейінгі 8 режиссер 34 таңдаулы қойылымдары сахналанады. Іс-шара Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында өтіп жатыр. Ашылу салтанатынан кейін көрермен назарына фестивальден тыс режиссер Фархат Молдағалидің «Құлагер» қойылымы ұсынылады. Жарыстың мақсаты жас мамандардың шеберлігін шыңдап, шығармашылық тәжірибе алмасу. Жеңімпаздар алтыншы қарашада анықталады. 

Мұрат Ахманов, режиссёр:
- Қазіргі жастардың қолтаңбасы мүлдем бөлек. Бөлек дегенде бұлардың негізгі режиссерлік шешімдерінің ауқымы өте кең. Өйткені қазір біз интернет арқылы біз бүкіл әлемді көріп отырмыз. Бұрын шектеулі ғана осы республикалардың, кеңестік дәуірдің төңірегіндегі дүниелерді көріп жүретін болсақ, қазір әлемді көріп отырмыз.