Түркістанда М.Тынышбаевқа арналған деректі фильмінің көрсетілімі болды
Түркістанда «Мұхамеджан Тынышбаев: Ғасыр жобасы» атты ғылыми-танымдық деректі фильмінің көрсетілімі болды. Қазақтан шыққан тұңғыш теміржол инженері туралы туынды Тынышбаевтың қоғамдық-саяси қызметіне арналған. Толықметражды фильмде белгілі алаштанушы ғаламдар мен қоғам қайраткерлері, теміржол саласының ардагерлері біртуар тұлғаның өнегелі өмірі мен ел үшін еткен ерен еңбегі жайлы дәйекті деректермен бөліседі. Фильм алаш қайраткерлерінің тарихтағы орнын насихаттау және жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында студенттер назарына ұсынылған.
Гүлбану Жүгенбаева, тарих ғылымдарының докторы, профессор:
- 1927-1930 жылы елді индустриаландыру бағытының бір саласы – Түркістан-Сібір теміржолын жалғайтын алып, құрылысты салу. Сол атақты құрылыстың ең алғашқы авторы – Мұхамеджан Тынышбаев. Бүкіл халық түрксіб теміржолының біткенін қуанып, салтанатпен насихаттап жатқан кезде 1930 жылы 3 тамызда М.Тынышбаевты кеңес үкіметі тұтқынға алды. М.Тынышбаев: «Түрксіб артымда қалатын ескерткіш» деп айтқан.