Алматыда тағы да автобус апаты. Бүгін таңертең ауыр арнайы техника аялдамада тоқтап тұрған 137-бағыттағы автобустың артына соғылған. Қоғамдық көлік сол екпінмен жеке тұрғын үйдің қоршауын барып қаққан. Оқыс апаттан зардап шеккен 9 адам ауруханаға жеткізілді. Олардың біреуі жансақтау бөлімінде жатыр. Қазір құзырлы органдар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Еске салсақ, осыдан 20 күн бұрын ғана Алматыда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, 24 адам жарақат алған еді. Оқиға орнында 1 адам көз жұмған болатын.
Асылбек Ембердиев, №7 қалалық клиникалық ауруханасы қабылдау бөлімінің меңгерушісі:-Қажетті медициналық қарап-тексерулерден кейін 2 адам политравма бөлімшесіне емдеуге жатқызылды. Соның ішінде реанимация бөлімшесіне жатқызылған жолаушы да бар. Екі пациенттің жағдайы тұрақты ауыр.Қалған пациенттер қажетті медициналық тексерулерден өткеннен кейін тұрақты мекенжайлары бойынша амбулаториялық емдеуге жіберілді.