Қызылордада дәрігерлер жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен екі баланың өмірі үшін күресіп жатыр. Бірер күн бұрын жеке балабақша бүлдіршіндерін тасымалдаған жеңіл көлік, жолаушылар автобусымен соқтығысқан. Екі тәрбиеленуші түрлі жарақаттармен облыстық көпбейінді балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы ауыр әрі тұрақсыз.