Шымкентте 162 заңбұзушылық анықталды

  • 50
  • 12.08.2025, 18:41

Шымкентте 13 кәсіпорынның жұмысшы алдындағы берешегі 133 миллион теңгеге жеткен. Еңбек инспекторларының тексерісінен кейін төрт компанияның қордаланған қарызын мәжбүрлі түрде өндіруге шешім шығарылып, іс жеке сот орындаушыларына жолданды. Биыл өңірдегі кәсіпорындар мен мекемелер 162 рет заң бұзған. Осыған байланысты 59 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көп жағдайда еңбек шартының жасалмауы, қосымша жұмысқа тарту және қауіпсіздік талаптарының бұзылуы мен міндетті әлеуметтік төлемдердің аударылмағаны белгілі болды. Жалпы жазатайым жағдайлардан 13 адам зардап шегіп, оның төртеуі қаза тапқан. Құзырлы орган өкілдері тергеп-тексеруді бастады.