Қазіргі уақытта өрт салдарынан ауруханаға жеткізілген екі ересек адам мен бір баланың жағдайы ауыр. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров аудандық ауруханаға барып, олардың жай-күйімен танысты. Науқастарға кешенді ем көрсетіліп жатыр. Денсаулық сақтау мекемелерінен қосымша мамандар тартылып, қажетті дәрі-дәрмек беру және психологиялық қолдау ісі қолға алынған. Оқиға бойынша «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.