СҚО-да синтетикалық есірткінің ірі партиясы тәркіленді

  • 8
  • 01.09.2026, 19:32

Солтүстік Қазақстан облысында полиция синтетикалық есірткінің ірі партиясын тәркіледі. Күдікті тыйым салынған затты Петропавлға жеткізбек болған.

Жамбыл облысының 42 жастағы тұрғыны облыс орталығына жалға алған көлігімен кірмек болған сәтінде ұсталды. Тінту кезінде бөлек-бөлек оралған пакеттер табылған. Сараптама олардың синтетикалық есірткі екенін көрсетті. Жалпы салмағы - 120 грамм. Қазір осы факті бойынша тергеу жүріп жатыр.

Руслан Үмбетов, СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы:

- Қазір қылмыскер қамауда отыр. Оған 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысы полицейлері облыс орталығына есірткі жеткізудің 26 арнасының жолын кесті.