Ақтауда катер жартасқа соғылып, екі адам көз жұмды. Оқыс оқиға 5-шағын ауданның тұсындағы жағажайда болған. Су көлігінде 7 демалушы отырған. Апат орнына жеткен құтқарушылар 5 адамға алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Ал құтқару кеудешесін кимеген 2 адам суға кеткен. Олардың денесі жағалаудан 500 метр қашықтан табылды. Қазір үш науқас жансақтау бөлімінде, бір адам травматология бөлімшесінде ем қабылдап жатыр. 30 жастағы жолаушы амбулаторлық емнен кейін, үйіне жіберілген. Апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Бақытжан Үсенов, облыстық ТЖД басқарма бастығы:
-Жазатайым оқиға орын алған жерде департамент тарапынан 35 қызметкер, 4 қайық және бірнеше техника жұмыс жасады. Екі адам табылды. Осы уақытқа дейін ескертулер жүргізіліп және де түсіндірме жұмыстары жүргізілуде осы қайық иелері мен қайық басқарушыларына. Үнемі шақырудамыз қауіпсіздік талаптарын сақтауға.