Ақтөбеде әсері күшті дәрілерді заңсыз тасымалдаған қылмыстық топ ұсталды

  • 7
  • 02.09.2026, 19:34

Ақтөбеде әсері күшті дәрілерді заңсыз тасымалдаған қылмыстық топтың жолы кесілді. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Iшкi iстер министрлiгiнің мәліметінше, Алматы қаласындағы дәріханалардың бірінде жұмыс істейтін фармацевт өзінің қызметтік мүмкіндіктерін пайдаланып, әсер күшті заттардың ірі партиясын Ақтөбе облысына жеткізуді ұйымдастырғаны белгілі болды. 

Үмітбек Фархадов, Iшкi iстер министрлiгi есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің аға жедел уәкілі:

- Қылмыстық топ құрамында ұйымдастырушыдан бөлек, операторлар, заттарды ораумен және жасырумен айналысқан адамдар болғандығы анықталды. Құқық қорғау органдары жүргізген арнайы операция барысында топтың барлық мүшесі ұсталды.

Заңсыз айналымнан мыңнан астам дәрілік препарат тәркіленді. Iшкi iстер министрлiгi күшті әсер ететін дәрігерлердің заңсыз айналымы үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатынын ескертеді.