Жаңаөзен қаласындағы газ өңдеу зауытына 2 млн 400 мың тг айыппұл салынды. Экологтар жоспарлы тексеру кезінде бірнеше заңбұзушылық анықтаған. Уәкілетті орган өкілінің мәліметінше, кәсіпорын аумағында қауіпті қалдықты бөлек жинау талабы сақталмаған. Сондай-ақ кейбір өндірістік материалдың арнайы орынға емес, ашық жерге орналастырылғаны белгілі болды. Осыған байланысты зауыт басшылығына кемшіліктерді жою туралы нұсқама беріліп, заңның 3 бірдей бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Айдос Жүсіпов, Экология департаменті басшысының орынбасары:
- Экологиялық заңбұзушылықтарға келетін болсақ, қауіпті қалдықтарды жинақтау кезінде талаптарды сақтамағандығы анықталды. Яғни, қауіпті қалдықтар мен қауіпсіз қалдықтар бірімен бірі араласқандығы, сонымен қатар, оларды қадағалау жұмыстары толыққанды атқарылмағандығы белгілі болды. Қазір айыппұл толығымен өндірілді. Сонымен қатар, біздің берілген нұсқама да қалпына келтірілді қазір.