Шымкентте 17 адамды алдаған алаяқ қолға түсті
Солайша көпбалалы және жалғызбасты аналар мен мүгедектерге, сондай-ақ аз қамтылған отбасыларға «қаржылай әлеуметтік көмек алып беремін» деп уәде берген. Жылпостың сөзіне сеніп қалған жәбірленушілер оған жеке куәлігінің суреті мен банк есепшотының 20 таңбалы нөмірін жіберген. Қажетті реквизиттерді қолына түсірген алаяқ дереу шағын несиелік ұйымдардан әртүрлі көлемде онлайн-несие рәсімдеген.
Әсел Сәденова, қалалық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:
- Барлық жәбірленуші бір уақытта полицияға жүгінді. Оларға 1 млн 400 мың теңге көлемінде шығын келтірілді. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы (алаяқтық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.