Хабар телеарнасы

Қарағандыда контрафактық антибактериалды препараттар саудалағандар анықталды

Оларға қатысты Қарағанды облыстық Экономикалық тергеу департаменті сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. 18 наурыз күні анықталған факті негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 222-бабының I бөлігі, яғни тауар белгісін заңсыз пайдалану бойынша сотқа дейінгі жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Оларға тағылған айып нақтыланса, 200 мың теңге көлемінде айыппұл салынуы мүкін.

Әділ Капенов, Экономикалық тергеу департаментінің басқарма басшысы:

- Қазіргі уақытта емханадан сұйықтық құйылған 132 құты алынды. Осы препараттың одан әрі таралуын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мұндағы антибактериалды сұйықтық тіркелген фирмада жасалмаған. Деседе емханаларға сатылып, салдарынан персоналдар мен келушілер пайдаланып жүргені анықталды.