Көкшетауда 17 адам астан уланды
Бурабай курорттық аймағындағы ірі қонақ үйдің 17 қызметкері астан уланды. Қазір 9 адам жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Қалғандарының жағдайы қалыпты.
Дәрігерлердің мәліметінше, барлық науқасқа бактериялық ішек инфекциясы диагнозы қойылған. Қазір қонақ үйдің мейрамханасына жоспардан тыс тексеру жүргізіп жатыр.
Серік Омарханов, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
- Қазіргі уақытта қонақ үйдің мейрамханасынан су, тамақ өнімдері мен шайындылардардан 40 жуық сынама алынып, зертханаға жіберіледі. Алғашқы қорытындысы 3 күнде белгілі болмақ. Өзге қызметкерлерден әзірге шағым түскен жоқ.