«Өзен» кенішіндегі жұмысшы қазасына қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін құзырлы орган өкілдерінің қатысуымен комиссия құрылған. Арнайы комиссия оқиға орнында жауапты тұлғалармен және куәгерлермен тілдесіп, тиісті құжаттармен танысуда.
Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға 27 қаңтарда ұңғымалардың бірін күрделі жөндеу жұмыстары кезінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша жұмысшы тоққа түсіп қаза тапқан.
Мұхтар Сансызбаев, облыстық мемлекеттік еңбек инспекторы:
- Аталған комиссияның құрамына мемлекеттік еңбек инспекторы, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы маманы және атомдық-энергетикалық бақылау саласының маманы және тапсырыс беруші өкілі, жұмыс беруші және жұмыскерлер өкілі қосылды. Осы аталған жазатайым оқиғаның нақты мән-жайлары комиссияның қорытындысымен анықталады.