Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Қасым-Жомарт Тоқаев Меккеде кіші қажылық рәсімін жасады

  • 1951
  • 25.07.2022, 11:07

Сауд Арабиясындағы ресми сапарында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ислам әлемі үшін қасиетті мекен – Мекке қаласында – кіші қажылық рәсімін жасады.

Президент Қағбаның ішіне кіру мәртебесіне ие болды. Оның есігі ерекше жағдайларда және аса сыйлы қонақтарға ғана ашылады. Бұл Сауд Арабиясы басшылығының Қазақстан Президентіне көрсеткен зор құрметін білдіреді.

Мемлекет басшысы бұған дейін корольдіктің ресми басшыларымен, кәсіпкерлерімен кездесіп, өзара ынтымақтастық пен әріптестікті нығайтуға бағытталған маңызды 13 құжатқа қол қойды.