Алпыс жылдан астам тарихы бар колледже қазір 300 астам жас білім алып, өнерін шыңдауда. Мұнда халықтық аспап, ән салу, шекті аспаптар секілді 10 бөлім бар. Студенттердің 80% ауылдық жерлерден. Білім алу тегін. Қарақат Әбден ұстаздармен кездесуде сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырды. Оқытушылардың сауалдарына жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Еркін диалог аясында ойларымен бөлісті.
Қарақат Әбден, ҚР Президенттігіне кандидат:- Ұлттық тәрбиені, ұлттық дәстүрді қоғамға насихаттайтын ол біздің ұстаздар. Осыны ұмытпауымыз керек. Музыкалық колледжге неге келдік? Себебі өнер, музыка арқылы қоғам тәрбиеленеді. Осы кісілердің жұмыстары өте зор.