О. Бектенов Көлік министрін ұжымға таныстырды

  • 33
  • 30.06.2025, 18:30

Премьер-министр Олжас Бектенов Көлік министрлігінің ұжымына ведомствоның жаңа басшысын таныстырды. Жиында Нұрлан Сауранбаевтың саладағы тәжірибесі аталып өтті. Үкімет басшысы Президенттің министрлік алдына қойған негізгі міндетіне тоқталды. Соның ішінде Қауіпсіздік кеңесі отырысында берілген тапсырмаларды ескере отырып, порт, логистикалық хаб, авиация және теміржол дәлізін дамыту қажеттігін айтты. Сондай-ақ автожол саласын өркендету, әсіресе ірі жобалардың сапасын бақылау тапсырылды.