Дональд Трамп бастаманы жоғары бағалап бұл басқа мемлекеттерге де үлгі болатынын айтты. Сарапшылардың сөзінше, келісімге қосылу Қазақстанның халықаралық аренадағы бейбіт бастамаларды қолдайтын ел ретіндегі ұстанымын нығайтады. Сондай-ақ Израиль мен Араб мемлекеттері арасындағы өзара түсіністікті арттырып, аймақтық ынтымақтастықтың жаңа кезеңін бастауға жол ашады.
Әлішер Әбдірешев, ҚСЗИ еуропалық және америкалық зерттеулер бөлімінің жетекші сарапшысы:
-Орталық Азия елдерінің ішінде Қазақстанның бұл келісімге алғаш болып қосылуы – ел үшін маңызды қадам. Бұл, ең алдымен, біздің мемлекетке Парсы шығанағы мен Таяу Шығыс елдерімен өзара байланысты күшейтуге мүмкіндік береді.
Айнұр Тұқымова, ҚСЗИ халықаралық қауіпсіздік бөлімінің сарапшысы:-Қазақстан мен Израиль арасындағы дипломатиялық қатынастар орныққан көптеген салаларда, мысалы: инновация, экономика, инвестиция, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау саласында көптеген қарым-қатынастар орнаған. Сол бағыттарды дамыту үшін және осы келісімге қосылу арқылы Қазақстанға инвестиция салудың жаңа мүмкіндіктері де ашылады.