Инклюзия кеңесінің төрағасы Ләззат Қалтаева мүгедектігі бар жандар үшін тек пандус пен жеделсаты емес, қоғамдағы кез келген қатынас кедергі келтірмеу керектігін алға тартты. Жиынға қатысушылар да театр, музей сияқты мәдениет орындарындағы қолжетімділікті сөз етті. Олардың айтуынша, ешкім өзін «ерекше» сезінбейтіндей, қоғам құрылуы қажет.
Ләззат Қалтаева, ҚР Парламенті Сенаты жанындағы инклюзия кеңесінің төрағасы:
-Мультфильмдерді алсақ, олар көзі көрмейтіндер үшін ғана емес, есту мүмкіндігінен айырылғандар үшін де ыңғайлы етіп жасалуы қажет. Олар судың ағынын, тасқынның келе жатқанын бәрін сезуі тиіс. Мұны терминмен айтар болсақ, аудиодискрипция деп аталады. Қазір біз осы жай бойынша ұсыныстарды жинақтап жатырмыз. Одан кейін әбден пысықтап, құзіретті орындарға жібергіміз келеді.