Қ. Тоқаев Эстония Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қ. Тоқаев Эстония Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
  • 189
  • 24.02.2026, 15:00

Президент құттықтау жеделхатында Алар Каристің былтыр Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары өзара ынтымақтастықты дамытуға тың серпін беріп, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтуға ықпал еткеніне тоқталған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алар Каристің жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс, ал достас эстон халқына бақ-береке тіледі.