Референдум – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жарқын көрінісі. Мемлекеттік маңызды шешімдер халық пікірін ескере отырып қабылданады. Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев осылай деп, республикалық референдумда дауыс берді. Ол өз таңдауын Ұлттық кітапхана ғимаратында орналасқан референдум учаскесінде жасады.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
-Бүгін еліміз үшін өте маңызды күн, өте жауапты күн. Республикалық референдумға жаңа Конституцияның жобасы шығарылып жатыр. Жалпы өздеріңіз білесіздер, биліктің бастауы халық. Сол себепті біздің азаматтарымызға осы құқықтарын жүзеге асыруға бір жағынан, екінші жағынан стратегиялық дамуына қатысты өздерінің пікірін білдіруге мүмкіндіктер бар. Сондай-ақ біз Президентіміздің халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасының жүзеге асуын көріп отырмыз. Және бұл жоғары азаматтық белсенділіктің көрінісі.