«Жасыл» энергия экспортталады

  • 12
  • 09.04.2026, 21:34

Қазақстан Әзербайжан және Өзбекстанмен энергетика жөнінде ынтымақтастықты нығайтады. Бұл туралы Парламент Сенатында айтылды. Палата отырысында депутаттар үш ел арасындағы жасыл энергияны өндіру және тарату саласындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімді ратификациялауға заңды қарап, мақұлдады. Құжат жаңартылатын энергия көздерінен қуат алып, халықаралық нарықтарға, оның ішінде Европа елдеріне экспорттауды негіз болмақ. Өнім Каспий және Қара теңіздері арқылы жеткізіледі. Сондай-ақ сенаторлар ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің радиациялық мониторингінің деректерімен алмасу туралы келісімді ратификациялады.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

-Қаралған үшжақты келісім елдеріміз арасында «жасыл энергетиканы» дамыту жолындағы бірлескен жұмысты айқындайды. Оның тиімділігін арттыру үшін тараптар арнайы басқарушы комитет пен жұмыс топтарын құрады. Жалпы бұл құжатты мақұлдау елімізде жаңартылатын энергия саласын дамытуға және өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға өз септігін тигізеді деп сенеміз.