Ақтөбеде әйелдер форумы өтті. Алқалы жиынды «Әділет» партиясының әйелдер қанаты ұйымдастырған. Республикалық шараға еліміздің барлық өңірінен мыңнан астам делегат қатысты. Форумның басты мақсаты қоғамдағы көкейкесті мәселелерді талқылау. Атап айтқанда ана мен баланың құқығын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тойтарыс беру, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту сияқты түйткілді тақырыптар сөз болды. Жиынға «Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабы өкілдері де қатысты. Құрылтай депутаттығына үміткерлер бұған дейін 6 өңірде сайлаушылармен жүздескен. Ал Ақтөбеде әйелдер форумынан кейін ірі кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен және креативті жастармен кездесу өткізеді.
Шолпан Каринова, «Әділет» партиясы төрағасының кеңесшісі:
-Гендерлік саясат және гендерлік теңдік мәселесі де әйелдерді мазалайды. Сол тұрғыдан мына қай мамандықтарды еңбекақыны тең жағдайында әйелдер жұмыс істей алады деген мәселе де бар. Тағы бір күрделі мәселе ол әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселесі.