Құрылтай депутаттары тіркелді

  • 7
  • 27.08.2026, 19:30

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарына куәліктері мен төсбелгілерін табыстады. Енді бір палаталы заң шығарушы орган 5 саяси партиядан сайланған 145 депутаттан тұрады. Оның 110-ы «Әділет» партиясынан болса, 10-ы «Ауыл» партиясының мүшесі. Ал Respublica партиясынан 9 депутат тіркелді. Сондай-ақ тізімде «Ақ жол» мен Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан 8 өкілден бар.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

- ОСК өзінің қаулысымен 2026 жылғы 23 тамызда өткен ҚР Құрылтай депутаттарын сайлау қорытыныдыларын анықтады. «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Конституциялық заңның 44-бабына сәйкес Құрылтай депутатының өкілеттігі Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясында депутат ретінде тіркелген сәттен басталады.