1 наурызда кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісім толық күшіне енеді
Айта кетейік, аталмыш құжатқа 2015 жылдың желтоқсанында қол қойылған. ЕО – Қазақстанның ірі сауда және инвестициялық серіктесі. Тараптар экономикамен қатар аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында да тығыз әріптестік орнатқан. Келісім күшіне енгеннен кейін өзара байланыс кеңейе түспек.
Әділ Тұрсынов, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кеңесшісі:
- Қазақстанның келісімге қол жеткізуі ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының халықаралық беделінің арқасында мүмкін болып отыр. Өткен аралықта Нұрсұлтан Назарбаев ЕО штаб-пәтеріне 9 рет сапарлап барды. Соның нәтижесінде ЕО басшылығы және іскер топтармен табысты келіссөздер жасалды.