Президенттің биологиялық қауіпсіздік туралы ұсынысына жоғары баға берілді
Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпы саяси дебаттарында жасаған мәлімдемесіне Пагуош бюросының директоры осындай жоғары баға берді. Суық қаруды түбегейлі жоюды насихаттайтын қозғалыстың өкілі Сергей Бацановтың сөзінше 1972 жылы биологиялық қаруға тыйым салатын конвенция қабылданғанымен, оның атқарушы аппараты жоқ. «Ал ДДСҰ-ға биологиялық қару туралы мәселелерге араласуға құзірет берілмеген. Сонымен қатар жануарларды қорғау, азық-түлік қауіпсіздігі секілді халықаралық ұйымдар көп. Бірақ әрқайсысы әлемнің әр бұрышында орналасқан. Араларында байланыс, ауызбіршілік жоқ. Яғни мәселенің түп-тамырын бәрі біледі. Алайда осы қатерге қарсы тұруда Қазақстан Президентіне дейін нақты ұсыныспен ешкім шыққан жоқ», – дейді Сергей Бацанов.
Сергей Бацанов, Женевадағы Пагуош бюросының директоры:
- Бірқатар тарихи сәтке атсалысқандарыңызды ескеріп, аурулар мен биологиялық қауіпсіздікті бақылау жөніндегі өңірлік орталықтар желісінің бірін Қазақстанда орналастыру дұрыс деп есептеймін. Бұған мүмкіндіктеріңіз де, білікті мамандарыңыз да жетеді. Жалпы COVID-19 әлем болып қатерге қарсы тізе қоспасақ, жан-жақтан келер қауіпке төтеп бере алмайтынымызды нақты көрсетті.