Депутаттық мандатқа ие болған жандардың тізімі ұсынылды
- Категория: Саясат

Парламент Мәжілісіне өткен барлық саяси партиялар мен Қазақстан халқы Ассамблеясы Орталық сайлау комиссиясына депутаттық мандатқа ие болған жандардың тізімін ұсынды.
Сайлау заңнамасына сәйкес, депутаттық мандаттарды бөлу дауыс беру қорытындысы шыққаннан кейін 10 күн ішінде жүргізілуі тиіс. Тізімге енетін кандидаттарды саяси партияның басшылық органы анықтайды.
Сонымен Nur Otan партиясы 76 мандатқа, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы 12 мандатқа, «Қазақстанның Халық партиясы» 10 мандатқа ие болды.
Ал Қазақстан халқы Ассамблеясынан 9 кандидат сайланды.