Елбасы мен ҚР Президенті Түрікменстан Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Хатта: «Әкеңіздің жарқын бейнесі жақындары мен барша отандастарының жүрегінде жақсы адам, дана ұстаз, шынайы патриот ретінде мәңгілік сақталады. Орны толмас қайғыны бөлісе отырып, Сізге және барша жақын туыстарыңызға, осындай қиын сәтте сабыр тілеймін» – деп жазылған.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовке әкесі МяликГулы Бердімұхамедовтің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Елбасы өзінің жазбасында суыт хабарды күйзеліспен қабылдағанын жазды. «Жақын әрі сүйікті адамыңыздан айырылу – орны толмас қайғы. Сізге және жақындарыңызға сол ауыр қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын» – делінген жеделхатта.