Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев Өзбекстан Президенті Ш. Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
Әңгімелесу барысында өнеркәсіп, машина жасау, ауыл шаруашылығы, көлік салалары бойынша жоғары деңгейде қол жеткізген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталып, екі ел Үкіметінің тығыз қарым-қатынас жасауы қажет екеніне назар аударды. Мемлекет басшылары Ауғанстандағы ахуалға байланысты Орталық Азияның қауіпсіздігі мен тұрақтылығын күшейту мақсатымен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін де нақтылады.