Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады
Осыған орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды айтулы мерекемен құттықтады. «Бұл – еліміз үшін айрықша маңызды мейрам. Көк байрақ, Елтаңба мен Әнұран әрбір қазақстандықтың жүрегіне мақтаныш ұялатып, отаншылдық рухын асқақтатады. Тәуелсіздіктің қасиетті нышандары ұлтты ұлы істерге ұйыстыра берсін!», – деп жазды Президент Твиттердегі парақшасында.