Президент Израильдің жаңадан сайланған Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады
Қазір Израиль – әлемдегі әл-ауқатты, қарқынды дамыған мемлекеттің бірі, халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі. Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта елдің осы жетістіктері еселеніп, жоспарларының жемісті жүзеге асуын тіледі. «Израильмен игі бастамаларды жалғастыра беру – ортақ мақсатымыз», - деді Президент.