Елордада Сирия мәселесі бойынша Астана форматындағы XVI халықаралық кездесу өтуде
Ресей мен Сирия үкіметінің өкілдері оңаша кездесуде. Екі күн өтетін отырысқа Иран, Түркия, Ресей елдерінің өкілдері және Сирия үкіметі мен оппозиция мүшелері қатысады. Бақылаушы ретінде БҰҰ, Иордания, Ливан және Ирак мемлекетінің өкілдері келген. Бұған дейінгі Сирия бойынша келіссөз 16-17 ақпанда Сочиде өткен болатын.
Александр Лаврентьев, РФ Президентінің Сирия бойынша арнайы өкілі:
- Біз бүгін Сирия демократиялық күштері мен ресми Дамаск арасындағы келіссөздерді талқылаймыз. Сирия оңтүстігінің Ат-танфа ауданында қарулы қақтығыстар тоқтамай отыр. Осыған тосқауыл қою мәселесі де назардан тыс қалмайды. Жалпы саяси процесс пен Женевадағы конституциялық комитеттің жұмысы туралы сөз қозғаймыз.