Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жоғары сот кеңесінің биылғы жартыжылдықта атқарған жұмысының қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспары баяндалды. Сонымен қатар Президентке әкімшілік әділет соттарының кадрлармен қамтамасыз етілуі жөнінде мәлімет берілді.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Денис Шиппке сот корпусын одан әрі жаңғыртуды және сот жүйесіне мейлінше сауатты әрі құзыретті мамандарды тартуды тапсырды.