Мағзұм Мырзағалиев Энергетика министрі болып тағайындалды
Осы күнге дейін Мырзағалиев Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі қызметін атқарып келген.
Үкімет басшысы Асқар Мамин Мағзұм Мырзағалиевті Энергетика министрлігінің ұжымына таныстырды. Премьер-министр оның энергетика саласындағы басшылық қызметтерде атқарған үлкен жұмыс тәжірибесін атап өтті. Мағзұм Мырзағалиев еңбек жолын қарапайым бұрғылау инженері болып бастаған. Кейін «ҚазМұнайГаз» компаниясының басқарма төрағасының орынбасары, энергетика вице-министрі лауазымына дейін көтерілді.