Н. Назарбаев пен Сума Чакрабарти сын-қатерлерге төтеп берудің жолдары туралы пікір алмасты
Жүздесуде пандемия жағдайындағы әлемдік экономиканың аяқ алысы сөз болды. Алты құрлыққа ауыз салған індет тыйылмаса, әлем жаңа дағдарысқа ұшырауы мүмкін. Қазіргідей қиын-қыстауда қарыз дағдарысы қыспаққа ала бастады. «Инфляция ақша айналымына кері әсерін тигізіп, энергия ресурстары арзандайды деген болжам бар» – деді Елбасы. Нұрсұлтан Назарбаев пен Сума Чакрабарти сын-қатерлерге төтеп берудің төте жолын тауып, кері өзгерістердің алдын алу шаралары туралы пікір алмасты.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- Я рад приветствовать Вас, господин Чакрабарти. Мы давно знаем друг друга, делились советами. Сейчас наступили непростые времена, вызванные пандемией. Если будет так продолжаться, то может случиться новый кризис. Уже случившийся факт - кризис долгов. Прогнозируется также кризис инфляции и снижение цен на энергоносители. Скажите, что Вы думаете о нашей экономике?
Сума Чакрабарти, «Астана» Халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары:
- Мен сізді қайта көргеніме өте қуаныштымын. Маған және менің жұмысыма сенім білдіргеніңізге алғысымды білдіремін. Ең алдымен нақты қандай бағыттарды дамытуға екпін салу керек, осыны анықтап алған жөн. Бір уақытта барлық саланың бірдей дамуына күш сала алмаймыз. Себебі ауыл шаруашлығы, туризм секілді әлеуеті зор бағыттар бар.