Бұл туралы Президенттің қабылдауында болған Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы айтты. Серік Жұманғарин Мемлекет басшысына Агенттіктің тұрғын үй құрылыс материалдары, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері және жанар-жағармай нарықтарындағы бағаларды тұрақтандыру жөніндегі жұмыстары туралы есеп берді. Агенттік төрағасының айтуынша, құрылыс материалдары бағасының өсуі сәуір айындағы 10,9%-тен, тамыз айында 3,2%-ке дейін, жанар-жағармай сәуір айындағы 8,4%-тен, мамыр айында 0,2%-ке дейін арзандаған. Кездесу соңында Мемлекет басшысы әлеуметтік азық-түлік пен тауарлардың бағасын бақылауда ұстауды тапсырды.