Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия халқын Республика күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентінің атына құттықтау жеделхатын жолдады. Қазақстан Президенті қуатты Анадолы елінің арманын арқалаған саясаткер Режеп Тайип Ердоғанның еңбегі әрдайым жемісті болуына тілектестік білдірді.
«Қымбатты бауырым, Сізге сарқылмас күш-қуат, жауапты қызметіңізге толағай табыс, ал түрік ағайындарыма баянды өркендеу мен құт-береке тілеймін», – деп жазылған жеделхатта.