Хабар телеарнасы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен жедел штаб отырысы өтті

Олардың басым бөлігі – шетел азаматтары.

Мемлекет басшысына күштік құрылымдардың жетекшілері елдегі қазіргі ахуалды баяндады. «Елді мекендерді тазарту жалғасып жатыр», – дейді олар.

Террористердің орналасқан жерін анықтау және ұстау, дәлелдеу базасын жинау және құжаттау, тиісті сараптамалар жүргізу бойынша жедел іс-шаралар жүргізілуде.

Қасым-Жомарт Тоқаев күштік құрылымдар елдегі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті толық қалпына келтіру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайтынын атап өтті.

Отырыс барысында Мемлекет басшысы келтірілген зардаптарды жою үшін арнайы Үкіметтік комиссия құруды тапсырды.

Президент Алматы қаласының және басқа да өңірлердің әкімшілік ғимараттарын, әлеуметтік және коммуналдық нысандарын қалпына келтіруге жедел кірісуді тапсырды.