Бітімгерлер бүгін елден шығарыла бастайды
Яғни бітімгерлік контингент 23-ші қаңтарға дейін елден толық шығарылады. Әскерилерді шығару дәл бүгін басталады. Елімізге бас аяғы екі мыңдай бітімгер келген. Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының күштері Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына шоғырландырылған. Бүгін ұйымның бас хатшысы Станислав Зась Алматыға барып, Ұжымдық бітімгерлік күштерінің командирі, генерал-полковник Андрей Сердюковпен кездесіп, пәрмен беру бекеті мен бітімгерлер орналасқан жерлерге барады. «Біз бітімгерлік операцияларды аяқтап жатырмыз. Кешелі бері бітімгерлер күзетіп тұрған нысандарды жергілікті күштік құрылымдарға тапсырып жатырмыз», – деді мәлімдемесінде. Яғни бүгін салтанатты шара өтіп, бітімгерлік контингент жауынгерлері кезең-кезеңмен шығарыла бастайды.