Тимур Құлыбаев «Атамекен» ҰКП басшысы қызметінен кетті
Тимур Құлыбаев бұл қызметті 8 жыл атқарды. Оның қызметінен кететіні туралы үндеуі «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының ресми сайтында жарияланды.
«Мемлекет басшысының осы тапсырмалары – палата жұмысының басым бағыттары. Ашықтық, есептілік және тиімді кері байланыс енді цифрлық негізде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бүкіл жүйесі жұмысының негізгі қағидаттары болатынына сенімдімін. Сіздерге тағы да бірлескен жұмыс үшін ризашылығымды білдіремін және отандық кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі міндеттерді орындауда алдағы уақытта да табыс тілеймін», – делінген хабарламада.
Сонымен қатар ол «Атамекен» ҰКП бастамасымен бизнес-ахуалды жақсарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілгенін атап өтті.