Қ. Тоқаев: «Самұрық-Қазына» қоры сатып алу жүйесін 1 айда реттесін
Демек, жаңа Қазақстанды құрудағы олардың үлесі де орасан болуы тиіс. Бүгін Президент нарықтағы ірі бизнестің басшыларын жинап, кеңес өткізді.
Президент жеті міндет жүктеді. Соның бірі – инвестициялық климатты жақсарту. Капиталды елге қайтару, ақшаның офшорларға кетпеуін қатаң қадағалау. Тағы бір міндет – табиғи байлықтарды дұрыс игеру. Бұл ретте Президент салалық министрлікке елдегі кен орындарын түгел тексеріп, жұмыс істемей тұрғандарын анықтауды тапсырды. Президент айтқан тағы бір мәселе – мемлекеттік сатып алуларды реттеу. Бұл ретте Президент «Самұрық-Қазына» қоры жүргізетін мемлекеттік сатып алулар барысын сынады. Қордың бұл бағыттағы жұмысын ретке келтіруге соңғы рет мүмкіндік беремін деп ескерткен Қасым-Жомарт Кемелұлы бір ай уақыт берді.