Мемлекет басшысы Адам құқықтары туралы Жарлыққа бірқатар өзгеріс енгізді
Нақтырақ айтқанда, алдағы уақытта атқарылатын шаруалардың қатары мынадай мәселелермен толықты: бұдан былай елімізде азаматтығы жоқ адамдар және босқындар құқы қатаң қадағаланады.
Ал келесі өзгеріс қазақстандық қыз-келіншектердің өмір сапасын жақсартуды көздейді. Жарлықта ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктеріне баса назар аударылатыны жазылған.
Айта кетейік, дәл бүгінгі күні елімізде 10 миллионға жуық нәзік жанды бар.
Марат Бәшімов, заңгер:
- Бізде әйелдердің құқығы бұзылып жатыр. Оларға теңдік беруіміз керек. Ол жағы да бізде проблема. Тұрмыстық зорлық-зомбылық деген бар. Президент «Менің бірінші мақсатым – адам құықтарын қорғау» деп айтып кетті. Сондықтан Жарлықтағы мәселе Алматы оқиғасынан кейін ең маңыздысы болып тұр.