Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына орай өткізілетін іс-шаралар пысықталды
Бұл туралы республикалық комиссияның отырысында айтылды. Бүгінде негізігі іс-шаралар жоспары құрылған. Отырыста оны ұйымдастыру-дайындық жұмыстары туралы баяндалды.
Комиссия төрағасы, Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин рәміздердің қоғамды біріктіретінін айтып, тәуелсіздігіміздің бет-бейнесі екеніне тоқталды.