Мемлекет басшысы бірқатар қабылдау өткізді
Дені – ауыр және аса ауыр қылмыстар. Ұйымдасқан қылмыстық топ құру бойынша 14 іс тергелуде. Мемлекетке 62 млрд теңге шығын келген. Кеден саласында 34 қылмыстық іс қозғалды. 10 млрд теңгенің тауары декларацияланбаған. Президент бизнеске қатысты қылмыстық істерді тексеруде заңдылықты қатаң сақтауды тапсырды.
Мемлекет басшысына Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин да есеп берді. Айтуынша, сұйытылған мұнай газын көтерме сауда нарығын тексеру нәтижесінде 5,5 млрд теңге қаржы бойынша заң бұзушылық анықталған. Автомобиль газын бөлшек саудаға шығаратын 193 сатушы мекемеге 103 млн теңге айыппұл салынды. Мемлекет басшысы бәсекелестікті дамытудың маңызын атап, экономиканың негізгі салаларын монополиядан арылтудың жүйелі шараларын іске асыру жұмыстарын жалғастырып, олардың сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.