Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдады
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, осындай есеп берді. Оның айтуынша, қылмыстық істер 7,6% азайған. Сондай-ақ министр қаңтар оқиғасы кезіндегі қылмыстар бойынша тергеп-тексеру, кінәлілерді анықтап, жауапқа тарту, ұрланған қаруды айналымнан шығару жұмыстары жөнінде баяндады. Бұған қоса полицияның сервистік моделінің енгізілу барысымен және жол ережесін бұзғандарды анықтауға арналған «Қорғау» деп аталатын жаңа бағдарламаны таныстырды. Мемлекет басшысы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауапкершілікті қатаңдату қажет екенін атап өтті. Министрге полицияның сервистік моделін одан әрі енгізу, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.