Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге барады, мамыр айының ортасында өтетін Ұжымдық қауіпсіздік шартына қатысушы мемлекеттер басшыларының мерейтойлық кездесуіне қатысады. Бүгін президенттер телефон арқылы сөйлесті. Тараптар сауда-экономикалық саладағы елдер арасындағы ынтымақтастықты дамытудың қазіргі жағдайын талқылады.