Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық форумға қатысты
Қазақстан Еуразиялық экономикалық комиссияның нақты нәтижеге жай сөзбен емес, нақты іспен қол жеткізгенін қолдайды. Ресми сапары барысында Еуразиялық экономикалық форумға қатысқан Қасым-Жомарт Тоқаев осындай пікір айтты. Сондай-ақ Президенттің пайымынша, Еуразиялық экономикалық одақ күрделі геосаяси жағдайда өзінің тиімділігін көрсетті, дегенмен Одақта түрлі мәселелердің туындауына таңғалуға болмайды. Себебі әр мемлекет өз мүддесін қорғайды. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссияның қызметі жөнінде де айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Бүгінге дейін Еуразиялық экономикалық комиссия аясында өткізілген консультациялар нәтижесінде кедергілердің 80% жойылды. Бұл күрделі жұмыс жалғасын табады деп үміттенеміз. Интеграция – көп еңбек сіңіруді және мүше мемлекеттер арасында ымыраға келуді қажет ететін үдеріс. Қазақстан Еуразиялық экономикалық комиссияның нақты нәтижеге жай сөзбен емес, нақты іспен қол жеткізгенін қолдайды. Кез келген мәселені іскерлікпен шешкен жөн. Себебі халқымыз бұл мәселелердің ұзаққа созылғанын күтпейді, қазір шешілгенін қалайды. Олар мәселені шешудің дұрыс жолы осы деп санайды.