Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов қарағандылық кеншілермен кездесті
Үй көрмей, бел жазбай, еңбек етіп жүрген кеншілермен референдумның төңірегінде әңгіме өрбітті. Мемлекет басшысының саясатын қолдайтынын жеткізіп, барша жұртты 5 маусымда өтетін науқанға қатысуға шақырды. Елімізде ауқымды өзгерістер басталғандығын айтқан Ерлан Қошанов: «Президент реформалары – сын-қатерлерге берілген нақты жауап», – деді. Сондай-ақ ол Қарағанды облысы еліміздегі ең ірі аймақтардың бірі болып қала беретінін атап өтті.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы:
- Жұртшылық Мемлекет басшысының бастамаларын жақсы қабылдап, қолдап жатыр. Ел болашағын айқындайтын осындай ауқымды реформалардың тағдырын халықтың өзі шешуі керек. Осы оймен Мемлекет басшысы референдум жариялады.