Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов маңғыстаулықтармен кездесті
Өңірге жұмыс сапарымен барған Ерлан Қошанов жергілікті жұртшылықпен кездесіп, оларды алаңдататын мәселелерді де тыңдап қайтты. Олардың негізгісі – ауызсу, жұмыссыздық, жем-шөп тапшылығы. Былтыр бұл өңірді дамытудың төрт жылдық жоспары қабылданған. Ерлан Қошанов сапары барысында аймақтағы көпбалалы аналарды тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Ал өңірдің жастарымен Каспий мемлекеттік технологиялар мен инжиниринг университетінде кездесті. Сондай-ақ ол «Қошқар ата» қалдық қоймасына барып, өңір экологиясын жақсарта түсудің жолдарымен танысты.