Референдумға Түркістан облысының тұрғындары белсенді қатысып жатыр
Сондықтан саяси науқанда таңдау жасау құқына ие азаматтардың саны да басқа өңірлерге қарағанда көбірек.
Жандос Жұмабек, тілші:
- Қазір Түркістан қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы №1 жалпы орта мектебінде орналасқан №900 референдум учаскесінде тұрмыз. Мұнда таңғы 07:00-де есік ашылғаннан бастап кісі қарасы қалың. Себебі халық мемлекеттің тағдырына, елдің ертеңіне, жастардың болашағына бейжай қарай алмайды. Ата Заңға өзгеріс енгізілетін жалпыхалықтық референдумның қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеді.
Сондықтан бұл мүмкіндікті жіберіп алмау үшін саяси науқанға жауапкершілікпен қарап, өз таңдауын жасауға ниетті екенін осыдан-ақ аңғаруға болады. Дәл осы №900 учаскеде таңдау құқығына ие 2 658 азамат тіркелген. Таңмен таласа тұрып, референдумға қатысып жатқандардың арасында үлкен де, жас та бар. Олардың жүзінен болашаққа деген сенімді көруге болады. Үлкен бір өзгерісті күтетіндерін аңғару қиын емес.
Ерсұлтан Қуандық, қала тұрғыны:
- Референдумға, дауыс беруге отбасыммен бірге келдім.
Жанәділ Малдыбеков, референдум учаскесінің төрағасы:
- Түркістан қаласында дәл осындай 50 сайлау учаскесі бар. Оның екеуі ауруханалардың ішінде орналасқан. Жалпы саяси науқанға қала бойынша 118 мыңға жуық сайлаушы қатысып, өз таңдау жасайды деп күтілуде.
Саяси науқанды өткізуге Түркістан облысында 914 референдум учаскесі жұмыс істеп жатыр. Бүгін 1 млн 163 мың адам референдумға қатысып, таңдауын жасайды деп жоспарланған. Нақты көрсеткішті кештеу білеміз. Ал облыс бойынша референдум барысын 6 457 байқаушы қарайтын болады.